«Адалдық сағаты»

Бүгін Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен Білім күніне орай еліміздің барлық оқу орындарында бірыңғай онлайн жалпы республикалық «Адалдық сағаты» өтуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық, әділдік, парасаттылық және сенім сынды маңызды адамгершілік құндылықтарды сіңіру.
Онлайн-дәріс Тұран даласының ХІІ ғасырдағы ұлы ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің адалдық қағидаларын түсіндіруге арналған.
Түркі әлемінің дамуындағы Ясауи рөлі сөзсіз, оның мұрасы түркі мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынастардың қалыптасуында үлкен рөл атқарды.
Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев «Қожа Ахмет Ясауи Орталық Азиядағы оның ішінде Қазақстанда да, барлық түркі халықтарының ұлттық рухани ілім жүйесін өрнектеп берді» деп тап өткен. Бейне – дәрістерде оқушылар мен студенттер «ақыл кітабы»- «Диуани- Хикметте» жинақталған адалдық, әділдік, парасаттылық, қайырымдылық пен мейірімділік сияқты адами құндылықтарға шақыратын ұлы ойшылдың сөздерімен танысады.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен бейне-сабақ республикалық және өңірлік телеарналар эфирінде көрсетіліп, сондай-ақ Агенттіктің Youtube-арнасында және әлеуметтік желілерде орналастырылды.
Елімізде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты облыс бойынша 40 805 оқушыға 3211 кезекші сынып құрылды. Штаттық режимде – 12 228 оқушы оқуды бастайды.
Жалпы облыс бойынша – 426 958 оқушы, оның ішінде, бірінші сыныпқа – 95 965 оқушы барады.


Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Қазақстан Республикасының Президенті

Елбасы жолдауы

Мемлекеттік рәміздер

Басшы блогы